Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары бос орын лауазымына орналастыру конкурсын өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Кәсіпорынның Алматы қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Кәсіпорын қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.

Кәсіпорынның Алматы қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары бос орын лауазымына біліктілік талаптары:

Кәсіпорынның Алматы қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары бос орын лауазымына орналастыру конкурсына:

"Медициналық-профилактикалық іс" немесе "Санитария, гигиена, эпидемиология" немесе "Қоғамдық денсаулық" немесе "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандықтары бойынша жоғары білімі,

денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

кәсіби білімге: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, денсаулық сақтау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін, зертханалық қызмет көрсетудің нарық конъюнктурасын, әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің теориялық және ұйымдастырушылық негіздерін, халық денсаулығының статистикасын, денсаулық сақтау критерийлері мен көрсеткіштері, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, жұмыс тәртібін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, Кәсіпорынның ішкі қызметін реттейтін Кәсіпорынның актілерін білу.

Қызметтік міндеттері:

1. Филиалдың өндірістік қызметін ұйымдастырады.

2. Филиалдың зертханалары мен дезинфекциялық бөлімінің қызметіне басшылықты, ұйымдастыру-талдау жұмысын қамтамасыз етеді, олардың жұмысын және тиімді өзара әрекеттесуін ұйымдастырады, жұмысқа басшылық жасайды, зертханалық жабдықты тиімді пайдалануға, қызметтің нәтижелілігіне және зерттеу тиімділігінің индикаторлық көрсеткіштерін орындауға жауапты болады.

3. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмысты, келешекке арналған және ағымдағы жоспарлауды жүзеге асырады;

4. Филиалдың келесі мәселелері бойынша жұмысын ұйымдастырады, жоспарлайды және бақылайды:

1) филиалдың қызметіне рұқсат беру құжаттарын алу (лицензия, хабарлама, санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды, диагностикалық жұмыстарды жүргізуге арналған режимдік комиссияның рұқсаты);

2) мемлекеттік тапсырыс бойынша және заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша адамның тіршілік ету ортасы факторларын зертханалық зерттеу және өлшеу бөлігінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу;

3) радиометрияны, радиохимияны, дозиметрияны қамтитын санитариялық-химиялық, бактериологиялық, вирусологиялық паразитологиялық, жалпы клиникалық, биохимиялық, серологиялық, иммунологиялық, молекулалық-генетикалық, радиологиялық және токсикологиялық зертханалық зерттеулерді, шу мен дірілді өлшеуді, электромагниттік өрістерді, желдету жүйесі жұмысының тиімділігін және адамның тіршілік ету ортасының басқа да факторларын орындау;

4) ошақты және профилактикалық дезинфекция, дератизация және дезинсекция жүргізу;

5) медициналық қалдықтарды кәдеге жаратуды жүзеге асыру бойынша бақылау жүргізу;

6) зертханалық зерттеулердің бекітілген үлгілік және өңірлік номенклатурасын орындау;

7) филиал мен оның бөлімшелерінің қызметкерлерін кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды, аттестаттауды өткізу;

8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі мамандарды, медицина қызметкерлерін, басқа салалардағы мамандарды қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарламалар бойынша оқытуға бақылау жүргізу;

9) облыс халқының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету бойынша профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін жүргізуге қатысу;

10) санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізуге және инфекциялық және паразиттік ауруларды диагностикалауға қатысу;

11) Филиал мен оның бөлімшелерінің сапа менеджменті жүйесін енгізу және қолдау;

12) халықаралық стандарттар талаптарын орындау, аккредиттеу рәсімдері мен мерзімдерін сақтау;

13) Кеден Одағының техникалық регламенттерінің көрсеткіштерін орындау;

14) ББҚК (қызметтер тарификаторы) порталында хаттамалар мен журналдарды сапалы және уақтылы толтыруды жүргізу;

15) Филиал зертханаларын қажетті жабдықтармен, зерттеу жүргізуге арналған құралдармен жабдықтау бойынша уақтылы жоспарлау;

16) өлшеу құралдары мен зертханалық жабдықтарға тексеру жүргізу;

17) сәйкес келмейтін өнімнің, мемлекеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған зертханалық жабдықтың жүктемесінің мониторингін ұйымдастыру және жүргізу, санитарлық-гигиеналық, радиологиялық зертхананың, жоғары дәлдіктегі жабдықтың жүктемесімен жоғары технологиялық зерттеулер зертханасының зерттеулерін орындау, зерттеудің жаңа әдістерін игеру;

18) зертханалық зерттеулер, аспаптық өлшеулер жүргізу бойынша кеңес беру қызметтерін көрсету;

19) халықтың декреттелген топтарын гигиеналық оқыту, өндірістік бақылау, жұмыс орындарына аттестаттау жүргізу;

20) бұқаралық ақпарат құралдарында қызметтердің әлеуетті тұтынушыларын ақпараттандыру және қызметтерді іске асыруды ілгерілету үшін жарнамалық іс-шаралар өткізу;

21) Филиалдың Зертханалық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;

22) Филиалдың қалалық/облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өзге де ведомстволық бағынысты ұйымдарымен, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және мекемелермен филиал қызметінің сұақтары бойынша өзара әрекеттесу.

5. Филиалдың өндірістік қызметі бойынша уақтылы есептілігін қамтамасыз етеді.

6. Ғылыми қызмет, зерттеудің жаңа әдістері мен әдістемелерін енгізу бөлігінде жалпы басшылықты жүзеге асырады;

7. Әдеп нормаларын, ішкі еңбек тәртібінің талаптарын, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдалану, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасын, еңбекті қорғау қауіпсіздігін, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар, санитариялық-эпидемиологиялық режим бойынша жұмыстарды сақтауды қамтамасыз етеді.

8. Салық органына жеке тұлғаның (және жұбайының/зайыбының) активтері мен міндеттемелері, кірістері мен мүлкі туралы декларацияларды уақтылы ұсынады, кейін декларацияны тапсыру туралы хабарламаның көшірмесін Кәсіпорынның қызметкермен жұмыс және іс жүргізу департаментіне ұсынады.

3.9. Филиал директоры болмаған уақытта (іссапар, демалыс, еңбекке жарамсыздығы) оның міндеттерін атқарады.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1)    біліктілік бағасы;

2)    тестілеу;

3)    сұхбаттасу өткізу;

4)    конкурс қорытындысын шығару;

5) тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша Кәсіпорын филиалының, өкілдігінің директоры және / немесе директордың орынбасары лауазымына тағайындау.

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 17.30-ға дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 6/1 үй, Каскад БО, 18 қабат, 6 кабинет.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2026 жылғы 29 қаңтар сағат 17.00.

Анықтама телефоны: 8(7172) 554903.