Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ КСЭК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК Алматы облысы бойынша филиалының Санитариялық-эпидемиологиялық және зертханалық талдау бөлімінің басшысы бос орын лауазымына орналастыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің "Ұлттық сараптама орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Алматы облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – Филиал) Санитариялық-эпидемиологиялық және зертханалық талдау бөлімінің басшысы бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Филиал қызметінің мәні денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Филиал қызметінің мақсаты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары:

Сынама қабылдау және алу бөлімінің маманы бос орын лауазымына орналастыруға арналған конкурсына "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім және тиісті мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша сертификаттау курсын аяқтағаны туралы куәлік, мамандық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Лауазымдық міндеттері:

1) Бөлімнің жұмысын жоспарлайды;

2) Филиалдың жыл сайынғы бекітілген жоспарының істері мен директордың тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындайды;

3) Зертханалық кеңестер мен жұмыс тақырыбының жиналыстарын ұйымдастырып өткізеді;

4) зертханалық санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың тиімділігін арттыру жұмыстарын ойластыру және іске асыру;

5) Филиал бөлімшелерінің есеп беру деректерінің орындау тиімділігін бақылау;

6) филиалдың зертханасына сыртқы орта объектілерінен сынамаларды жеткізудің жылдық жоспар-кестесінің жасалуын және орындалуын бакылау; 7) зертханалық зерттеулер, аспаптық өлшеулер және дезинфекциялык қызметтер көлемінің жоспарын филиалдың мемлекеттік тапсырыс жасауды бір жылға зерттеулер мен ақшадағы қзметтер көрсету тарификаторының бөлінісінде орындауды бақылау;

8) зертханалар қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша облыстык, қалалық және аудандық бөлімшелердің қызметін талдау және бағалау, оның ішінде мемлекеттік тапсырыстың орындалуын және ақылы қызметтер бойынша ай сайынғы жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын ай сайынғы талдау;

9) Филиал жұмысының техникалық-экономикалық және әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштерін талдау және жүйелеу, оның бәсекеге қабілеттілігіне салыстырмалы талдау жүргізу;

10) зертханалық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мәселелері бойынша жоғары тұрған және мүдделі ведомстволарға талдамалық анықтамалар, ақпараттар, жауаптар дайындау;

11) зертханалық іс бойынша Филиал бөлімшелерінің қызметіне жыл сайынғы, тоқсан сайынғы және ай сайынғы талдау жүргізу, жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шаралар қабылдау;

12) «Зертханалық зерттеу жүйесі» және «Бірыңғай ақпараттық портал» (БАП) бірыңғай кешенді бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша ай сайынғы қорытынды деректер жиынтығының жүзеге асырылуын бақылау;

13) тиісті саланың уәкілетті органының аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп жыл сайынғы Мемлекеттік тапсырыс жоспарын зертханалық зерттеулерді, аспаптық өлшеулерді, дезинфекциялык, дератизациялық және дезинсекциялық қызметтерді дайындау;

14) құзыреті шеңберінде тиісті саланың уәкілетті органының аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. Қызметті талдау нәтижелерімен алмасу;

15) атқарылған жұмыс туралы апта сайынғы есептің және Филиалдың зертханалары мен бөлімдері бөлінісіндегі жинақтардың жасалуын бақылау; 16) кейіннен Филиалдың кадр қызметіне декларацияны тапсырғаны туралы хабарламаның көшірмесін ұсына отырып, салық органына жеке тұлғаның (жұбайының/зайыбының) активтері мен міндеттемелері, табыстары мен мүлкі туралы декларацияларды уақтылы ұсыну;

17) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау және өз тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;

18) жүктелген лауазымдық міндеттерді жүзеге асыру кезінде және патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелермен өзара іс-қимыл кезінде биологиялық қауіпсіздік қағидаларын сақтау;

19) ақпараттық қауіпсіздік талаптарын, Кәсіпорынның ақпараттык кауіпсіздік саясатын және ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін сактау;

20) Кәсіпорынның ішкі қызметін реттейтін кұжаттардан туындайтын өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Байқау келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурстың қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден бастап сағат 13.00-ге дейін және сағат 14.30-дан бастап сағат 17.30-ға дейін жүргізіледі, мекен-жайы: 040800, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Абай көшесі, 35/5 ғимарат.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2026  жылғы 24 ақпан сағат 17.30.

Анықтама телефоны: 8 727 722 05 71