Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті директорының орынбасары бос орын лауазымына орналастыру конкурсын өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті директорының орынбасары бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Кәсіпорын қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.

Біліктілік талаптары:

Кәсіпорынның Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті директорының орынбасары бос орын лауазымына орналастыру конкурсына жоғары заңгерлік және/немесе экономикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде 3 (үш) жыл не мемлекеттік сатып алу саласында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Қызметтік міндеттері:

1) Департаменттің қызметін жалпы басқару, үйлестіру және жоспарлау;

2) Кәсіпорынның операциялық жоспарымен, Кәсіпорынның стратегиялық жоспарымен бекітілген іс-шаралардың, сондай-ақ департамент директорының тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын бақылау;

3) Кәсіпорынның тауарларын, жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (бұдан әрі - МСА жоспары) орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелеріне (бұдан әрі - ОА), Басқарма Төрағасының бірінші орынбасарына және орынбасарларына келісуге және Басқарма Төрағасына бекітуге уақтылы ұсынуды ұйымдастыру және бақылау, МСА жоспарын мемлекеттік сатып алу веб-порталында (бұдан әрі – МСА Порталы) уақтылы орналастыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сондай-ақ Кәсіпорынның МСА жылдық жоспарын түзету;

4) МСА мәселелері бойынша бұйрықтардың, хаттамалардың және басқа да құжаттардың жобаларын дайындау рәсімдерін ұйымдастыру және бақылау;

5) Кәсіпорын жасасатын ОА құрылымдық бөлімшелері ұсынатын МСА бойынша шарттардың және қосымша келісімдердің жобаларын келісу;

6) МСА порталында шарттардың уақтылы жасалуын бақылау;

7) Кәсіпорынның уәкілетті органының аумақтық департаменттерімен МСА шарттарын жасасу жөніндегі Департаменттің жұмысын бақылау;

8) Кәсіпорынның уәкілетті органының аумақтық департаменттерімен МСА шарттарының жобаларын келісу;

9) Кәсіпорын жасасатын ОА құрылымдық бөлімшелері ұсынатын МСА бойынша шарттардың және қосымша келісімдердің жобаларын келісу;

10) ОА және филиалдар бойынша МСА жоспарының орындалуы туралы есептілікті ұсынуды қамтамасыз ету;

11) ОА құрылымдық бөлімшелерінің және Кәсіпорын филиалдарының сұрауларына МСА бойынша консультациялар, түсініктемелер беру (құзыреті шегінде);

12) әлеуетті өнім берушілерден ТЖҚ МСА бойынша хабарламаларды, өтініштерді, шағымдарды қарау және олар бойынша жауаптарды келісу;

13) уәкілетті органның сұрауы бойынша МСА мәселелері бойынша есептілікті ұсынуды қамтамасыз ету;

14) Кәсіпорын қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірлеуге, Кәсіпорынның ұйымдастырылуы мен жұмыс әдістерін жақсарту жөніндегі іс-шараларға қатысу және бақылау;

15) Кәсіпорынның стратегиялық құжаттарын әзірлеуге қатысу;

16) бизнес-процестерді регламенттеуге қатысу және жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу және Кәсіпорынның ішкі бизнес-процестерін үнемі жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу;

17) құзыреті шеңберінде Кәсіпорын филиалдарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

18) Кәсіпорынды жабдықтау және шаруашылық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бойынша рәсімдерді ұйымдастыру;

19) Кәсіпорын мен филиалдардың тауарлық-материалдық құндылықтарының (бұдан әрі - ТМҚ) сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;

20) азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру және іс-шараларды бақылау;

21) Департамент қызметінің нәтижелері бойынша есептерді белгіленген мерзімде дайындау;

22)  Кәсіпорынның құпия ақпаратын жария етпеу туралы талаптарды сақтау;

23) Департамент қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтауын қамтамасыз ету;

24) Департамент туралы ережеге және Кәсіпорынның басқа да ішкі құжаттарына сәйкес өкілеттіктер шегінде мүдделі тараптарға ақпарат беруді қамтамасыз ету;

25) тексеру нәтижелері бойынша ескертулерді жоюды ұйымдастыру және бақылау;

26) Департамент туралы Ережеден туындайтын өзге де міндеттер.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағалау;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурс қорытындысын шығару.

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 17.30-ге дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 6/1 үй, Каскад БО, 18 қабат, 6 кабинет.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2026 жылғы 13 наурыз сағат 17.00.

Анықтама телефоны: 8(7172) 554903.