Кері қоңырау шалуға тапсырыс беру

App Store-дан жүктеу

Play Market-тен жүктеу

ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК «Алматы қаласы бойынша дезинфекция орталығы» филиалы директорының орынбасары бос орын лауазымына орналастыру конкурсын өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) Кәсіпорынның «Алматы қаласы бойынша дезинфекция орталығы» филиалы директорының орынбасары бос орын лауазымына орналастыруға конкурс жариялайды.

Кәсіпорын қызметінің міндеті денсаулық сақтау аумағындағы қызметті іске асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады.

Кәсіпорынның «Алматы қаласы бойынша дезинфекция орталығы» филиалы директорының орынбасары бос орын лауазымына біліктілік талаптары:

Кәсіпорынның «Алматы қаласы бойынша дезинфекция орталығы» филиалы директорының орынбасары бос орын лауазымына орналастыру конкурсына:

"Медициналық-профилактикалық іс" немесе "Санитария, гигиена, эпидемиология" немесе "Қоғамдық денсаулық" немесе "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандықтары бойынша жоғары білімі,

денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

кәсіби білімге: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Тілдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, денсаулық сақтау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін, зертханалық қызмет көрсетудің нарық конъюнктурасын, әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің теориялық және ұйымдастырушылық негіздерін, халық денсаулығының статистикасын, денсаулық сақтау критерийлері мен көрсеткіштері, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, жұмыс тәртібін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, Кәсіпорынның ішкі қызметін реттейтін Кәсіпорынның актілерін білу.

Қызметтік міндеттері:

1. Камералық, ошақтық және өндірістік дезинфекция, дезинсекция, дератизация, санитариялық өңдеу бөлімінің, дезинфекциялық іс-шараларды ұйымдастыру, жоспарлау және маркетинг бөлімі, аудандық дезинфекторлардың қызметіне басшылықты қамтамасыз етеді, олардың жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады.

2. Филиалдың жұмыс жоспарларын әзірлейді және қалыптастырады, іс-шаралар мен оларды өткізу мерзімдерін облыс/қала бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен келіседі.

3. Сұрақтарға жетекшілік етеді:

1) қорытынды ошақты және профилактикалық дезинфекция, дератизация және дезинсекция жүргізу;

2) дезинфекция, дезинсекция, дератизация қызметтерін жүргізу бойынша консультациялық қызметтер көрсету;

3) адамның жұқпалы және паразиттік ауруларының ошақтарында ошақты дезинфекциялауды, дезинсекциялауды, дератизациялауды жүргізуге арналған мемлекеттік тапсырысты уақтылы орындау;

4) шарттық негізде немесе жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша адамның тіршілік ету ортасының қауіп факторларын жою жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысу;

5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын, декреттелген топтарды гигиеналық оқытуды қамтамасыз ету бойынша профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін жүргізуге қатысу;

6) ЕКПО порталында хаттамалар мен журналдарды сапалы және уақтылы толтыруды жүргізу (қызметтер тарификаторы);

7) филиал мен оның бөлімшелерінің сапа менеджменті жүйесін енгізу және қолдау;

8) халықаралық стандарттар талаптарын орындау, аккредиттеу және/немесе сертификаттау рәсімдері мен мерзімдерін сақтау;

9) жабдықпен, дезқұралдармен, жұмсақ мүкәммалмен, нормативтік құжаттамамен қажеттілікті және жарақтандыруды айқындау;

10) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелері жөніндегі мамандарды қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарламалар бойынша оқыту бойынша бақылау жүргізу;

11) филиал мен оның бөлімшелерінің қызметкерлерін кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды, аттестаттауды өткізу;

12) Бюджеттік өтінімді, филиалдың даму жоспарын жартыжылдық нақтылау және ай сайынғы түзетулер қалыптастыру кезінде қажетті реагенттер мен шығыс материалдарының көлемі бойынша ақпаратты уақтылы ұсыну;

13) бюджеттен тыс қызмет бойынша шарттар жасасу, шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылау, наразылық жұмыстарын жүргізу;

14) директивалық құжаттардың, жоғары тұрған ұйымдардың сұрауларына жауаптардың уақтылы орындау және бақылау.

4. Филиал директорына мемлекеттік тапсырысты, басқа да өндірістік қызметті орындауға, заманауи технологияларға, инновацияларға және мамандардың еңбегін ғылыми ұйымдастыруға қатысты жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді.

5. Филиалдың іс-шараларын, жұмыс жоспарларын бақылауды жүзеге асырады және олардың орындалуына талдау жүргізеді.

6. Алқаларды, семинарларды, дезинфекциялық кеңестерді және т. б. ұйымдастырады және өткізуге материалдарды дайындайды.

7. Анықтамаларды, шешімдерді (қаулыларды) және отырыстар мен кеңестердің хаттамаларын дайындайды және ресімдейді.

8. Филиалдың негізгі қызметі бойынша лицензиялау, аттестаттау, аккредиттеу, қызметтерді сертификаттау және басқа да рұқсат құжаттарын алу үшін материалдарды дайындау бойынша жұмысты ұйымдастырады, бақылайды және жүргізеді.

9. Жұқпалы және паразиттік аурулар ошақтарында жүргізілетін дезинфекциялық іс шаралардың тиімділігіне талдау жүргізеді.

10. БАҚ-пен жұмыс істейді, филиалдың веб-сайтының толтырылуын бақылайды, пресс-релиздер дайындайды, медициналық және гигиеналық білімді насихаттауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға қатысады.

11. Тапсырылған жұмыс учаскесінде инфекциялық және паразиттік сырқаттанушылық және жүргізілген эпидемияға қарсы іс-шаралар бойынша уақтылы есептілікті қамтамасыз етеді;

12. Әдеп нормаларын, ішкі еңбек тәртібінің талаптарын, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдалану, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасын, еңбекті қорғау қауіпсіздігін, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар, санитариялық-эпидемиологиялық режим бойынша жұмыстарды сақтауды қамтамасыз етеді.

13. Салық органына жеке тұлғаның (және жұбайының/зайыбының) активтері мен міндеттемелері, кірістері мен мүлкі туралы декларацияларды уақтылы ұсынады, кейін декларацияны тапсыру туралы хабарламаның көшірмесін Кәсіпорынның қызметкермен жұмыс және іс жүргізу департаментіне ұсынады.

14. Филиал директоры болмаған уақытта (іссапар, демалыс, еңбекке жарамсыздығы) оның міндеттерін атқарады.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азамат келесі құжаттарды қолма қол немесе курьерлік пошта арқылы ұсынуы қажет:

1) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау бойынша мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама (egov арқылы беріледі);

7) Конкурс Ережелерінің (Кәсіпорын сайтында, «бос жұмыс орындары» бөлігінің соңғы парақта орналастырылған) 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйіндеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуі болмаса конкурсқа жіберуден бас тартуға негіз болып табылады. Құжаттарды курьерлік пошта арқылы алған жағдайда, олар қайтарылуға жатпайды.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне қатысты қосымша ақпаратты, лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды, кәсіби деңгейін (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.б.) ұсынады.

Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:

1) біліктілік бағасы;

2) тестілеу;

3) сұхбаттасу өткізу;

4) конкурс қорытындысын шығару;

5) тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша Кәсіпорын филиалының, өкілдігінің директоры және / немесе директордың орынбасары лауазымына тағайындау.

Конкурсты өткізу тәртібі Кәсіпорынның Басқармасының сырттай отырысының 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 55 шешімімен бекітілген Кәсіпорын жұмыскерлерінің бос орын лауазымдарын конкурстық орналастыру ережелерімен (Кәсіпорын сайтында орналастырылған) реттеледі.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 17.30-ге дейін мына мекен-жай бойынша жүргізіледі: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 6/1 үй, Каскад БО, 18 қабат, 6 кабинет.

Құжаттарды қабылдаудың аяқталуы: 2026 жылғы 20 сәуір сағат 17.00.

Анықтама телефоны: 8(7172) 554903.