Loader icon жүктеу
Коронавирус: ауруды жұқтырмау үшін не істеу керек Барлық құқықтар қорғалған.
06.03.2020 НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ұлттық сараптама орталығы» мемлекеттік мекемесінің вирусолог-дәрігері Бота Бердиева коронавирустен қорғану бойынша бірқатар кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Коронавирустың жаңа түрін жұқтырмау үшін ең алдымен иммунитетті көтеру керек. Себебі бұл вирус ауа тамшылары арқылы адамнан адамға жұғады және иммунитеті төмен адамдардың, жүкті әйелдердің және қарттардың жұқтыру қаупі жоғары. Әсіресе, С дәрумендері бар апельсин, киви, итмұрынды көбірек тұтынып, теңіз өнімдерін ас мәзірінен шектей тұрған жөн», - дейді дәрігер.

 Оның айтуынша, аурудың ең алғашқы белгілері – дене қызуы, жөтел, әлсіздік және демігу. 

«Ең алдымен жеке бас гигиенасын сақтап, қолды жиі жуып тұру керек. Бөлмені жиі желдетіп, түшкіргенде қол орамал қолданған жөн. Ауру симптомдары байқалған жағдайда медициналық масканы пайдаланып, адам көп жиналған орындарға бармаңыз. Медициналық масканы тек қана жабық бөлмеде ғана тағу қажет, әрбір 2-3 сағат сайын ауыстырып отыру керек. Шетелдерге сапарды да кейінге қалдырған жөн», - деді Б. Бердиева. 

Айта кетейік, 2019 жылы белең алған коронавирус (COVID-19) алғаш рет Қытайдың Ухань қаласында анықталды. Бұл инфекцияны жұқтырғандар коронавирустық пневмонияға шалдығады. 

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда 992 адам карантинде (5 наурызда Оңтүстік Кореядан келген 100 адаммен қосқанда 1092 адам) жатыр. Оның ішінде оқшауланғандар да, үй жағдайында карантинде жатқандар да бар. 2 және 3 санаттар бойынша, яғни тұрғылықты мекенжай тұрғысынан 7515 адам, жалпы 8 мыңға тарта адам Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауына алынған.

Індет туралы соңғы жаңалықтарды ҚазАқпарат ХАА арнайы айдары арқылы оқуға болады.

 Сілтеме: https://www.inform.kz/kz/koronavirus-aurudy-zhuktyrmau-ushin-ne-isteu-kerek_a3622333?fbclid=IwAR3OQGuXOWTFU3hSZJ419jm8gXAfIxnoR--8kwrNJC6jcGkB7ad4XTJIZZU

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге