Loader icon жүктеу
Астанада халық арасында коронавирустың жылдам және жоғары дәлдікті ПТР-скринингін жүргізуге арналған алғашқы модульдік зертханалық кешен іске қосылды.
05.06.2020

Мобильдігімен, биоқауіпсіздіктің жоғары деңгейімен және зерттеу процессінің автоматтандырылғанымен ерекшеленетін бірегей зертхананы ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне және Нұр-Сұлтан қ. әкімдігіне Болат Өтемұратов Қоры тегін тапсырды.

Қайырымдылық ұйымы медициналық зерттеулер өткізу, зертханалық талдауға арналған жабдықтар мен шығын материалдарын өндіру саласындағы халықаралық көшбасшы BGI компаниясынан 4 млн. АҚШ доллары жалпы сомасына екі зертханалық кешенді сатып алды. Екінші ұқсас кешен Алматы қ. орнатыла бастады.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов, қайырымдылық ұйымның негізін қалаушысы Болат Өтемұратов және Қордың Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Алмаз Шарман бүгін астаналық зертхананың тұсауын кесті.

 DSC07577.jpg

«Қазіргі таңда Денсаулық сақтау министрлігі елімізде коронавирус COVID-19 індетін тоқтату үшін аса зор күш салуда. Ол үшін көптеген адам және қаржы ресурстары жұмылдырылған. Бизнес те сыртта қалмай, індетті тез жою және қалыпты тұрақты тіршілік етуге қайту үшін өзінің бүкіл әлеуетін белсенді түрінде қолдануда. Болат Өтемұратов қорының жәрдемдесуі арқылы Қазақстан алдағы елдердің қатарында болып, коронавирус жұқпасын диагностикалау үшін ПТР (полимеразды тізбекті реакция) жүргізуге арналған «Huo-Yan» заманауи мобильді зертхана кешендерін ашқан. Бұл зертханалар зертханалық қызметтің қуаты мен әлеуетін, сондай-ақ зерттеулердің жүргізу жылдамдығын ұлғайтуға мүмкіндігін беретіндігін ескерткен жөн. Зертханаларда Ұлттық сараптама орталығы филиалдарының вирусологтары қатысатын болады, олар Қытай Халық Республикасынан келген BGI компаниясының мамандарымен оқытылған», - деді ҚР Денсаулық сақтау Министрі Елжан Біртанов.

Зертхана жұмыссыз адамдар, табысы аз азаматтар және көп балалы отбасылар, мүгедектігі бар адамдар, стационарға жоспарлы түрде жатқызылатын емделушілер, тыныс алу органдары, эндокриндік және жүрек-қан тамыр жүйелері ауыратын динамикалық бақылауда тұрған 50 жастан асқан емделушілер; індетке қарсы іс-шараларға жұмылдырылған арнайы контингент - әкімдіктердің қызметкерлері, еріктілер және белсенділер, күзет қызметкерлері; қарттар үйлерінде, интернаттық және басқа мамандандырылған мекемелерде орналасқан азаматтар; мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері сияқты адамдардың санаттары үшін тегін скрининг жүргізеді.

DSC07796 (1).jpg

Зертхана ПТР-талдаудың барлық циклін жүргізу үшін толықтай жабдықталған. Кешен толығымен жоғары технологиялық жабдықтың және биологиялық материалды алуға, сақтауға және таңбалауға, полимераздық тізбекті реакция әдісімен зерттеу жүргізуге арналған құрал-саймандар жиынтығының 42 атауынан тұрады. Зерттеу процессі толықтай автоматтандырылған, нәтижесінде тестілеу жылдам, жоғары дәлдікпен өтеді және көп мамандардың қатысуын талап етпейді. Зертхананың қуаттылығы бір күнде 1000 талдауды құрайды және 5000 талдауға дейін арттыру әлеуеті бар, тест нәтижесі үш сағат ішінде дайындалады. Болат Өтемұратов Қоры әрбір зертханаға дереу іске қосылу үшін 30 мың тест жүргізуге арна

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге