Loader icon жүктеу
ҰСО: Мобильді ПТР-зертханалар қалай жұмыс істейді
19.06.2020

ҚР ДСМ ТКҚСҚБК «Ұлттық сараптама орталығы» Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы мобильді ПТР-зертханалар коронавирустық инфекцияға сынамаларды зерттеуге кіріскенін хабарлайды.

Айта кету керек, бұл зертханаларда азаматтарды қабылдау және биологиялық материал алу жүргізілмейді. Орталықта жедел және сапалы зерттеу мақсатында емханалар мен ауруханалардан алынған сынамалар тексеріледі.
         Зертханаға барлық сынамаларды ҰСО және емдеу-алдын алу мекемелерінің мамандарынан құрылған көшпелі бригадалар жеткізеді. Зерттеу нәтижелері электрондық және қағаз нұсқаларында (қажет болған жағдайда) тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттеріне, сондай-ақ зерттеу үшін сынамалар жіберген медициналық мекемелерге жіберіледі.

Зертханаларда "BGI Group" қытай ғылыми орталығының мамандарынан білім алған ҰСО филиалдарының білікті вирусологтары жұмыс істейді.

Зертханаларға келесі азаматтардың сынамалары жеткізіледі:

• ауруханаға жоспарлы және шұғыл жатқызылған науқастар;
• медициналық және әлеуметтік мекемелерге қайта түскен адамдар;
• гемодиализдегі науқастар;
• қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне түскен адамдар;
• COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлері;
• Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне әскери қызметке шақырылғандар;
• карантиндік изоляторға орналастырылған, әурейстері арқылы шетелден келген азаматтар.

Егер коронавирусты жұқтыру жағдайлары анықталса, барлық қажетті шаралар Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

Еске салайық, модульдік зертхана кешендері Нұр-Сұлтан мен Алматыда коронавирусты жылдам және жоғары дәлдіктегі ПТР скринингтері үшін іске қосылды. Болат Өтемұратов қоры Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне жоғары қауіпсіздік деңгейімен және зерттеу процесінің автоматтандырылуымен ерекшеленетін зертхананы сыйға тартқан болатын.

ҚР ДСМ ТКҚСҚБК

 «Ұлттық сараптама орталығы»

Баспасөз-қызметі

(7172)55-49-08 (152)

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге