Грузияның Ұлттық шарап агенттігінің мамандары Алматыда семинар өткізді
Специалисты Национального агентства вина из Грузии провели семинар в Алматы 15.07.2022

Грузияның Ұлттық шарап агенттігінің өкілдері экспорт сертификатын алу үшін шарап өнімдерін зерттейтін сынақ орталықтарының бірі болып табылатын Алматыдағы ҰСО филиалының мамандары үшін семинар өткізді. Шараға «ҚазСтандарт» РМК мен «ЦИКП» ЖШС өкілдері де қатысты.

Сондай-ақ, грузиялық әріптестер филиалдың қызметімен, оның жабдықтарымен, сондай-ақ алкогольді сусынды зерттеу әдістерімен танысты. Тараптар тәжірибе алмасып, зерттеу хаттамалары мен сертификаттарын дайындауға қатысты мәселелерді қарастырып, бірлескен ынтымақтастық туралы келісті.

Айта кету керек, отандық шарапты ЕО елдеріне импорттау кезінде тек екі зертхананың – ЕАЭО аумағында аккредиттелген зертханалар болып табылатын Алматыдағы және Түркістан облысындағы ҰСО филиалдарының зерттеу нәтижелері қабылданады.

Фотогалерея