Loader icon жүктеу
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-да өңірлік филиалдардың 2017 жылғы 9 айдағы қызметінің қорытындылары шығарылды.
В РГП на ПХВ «Национальный центр экспертизы» при Министерстве здравоохранения РК подведены результаты деятельности областных филиалов за 9 месяцев 2017 года. 17.10.2017

Кездесу барысында әрбір филиалдың қызметі туралы өзекті мәселелер талқыланды. Филиалдың әр директорының презентациясы олардың жұмысының нәтижелерін әрі қарай талқылаумен, сондай-ақ кездесуге қатысушылардан сұрақтары мен түсініктемелермен жалғасты.

Филиалдар алдында тұрған негізгі міндеттер: жоғары сапалы зертханалық зерттеулерді жүргізу, жаңа зерттеу әдістерін енгізу, сондай-ақ қызметкерлердің біліктілігін арттыру болып табылады.

Мысалы, Алматы, Ақтөбе, Астана қалаларындағы филиалдар мемлекеттік тапсырыс аясында зерттеулерді жүзеге асыру бойынша жақсы нәтижелер көрсетті. 9 айдың қорытындысы бойынша ҰСО филиалдық тораппен республикада шамамен 11 миллионға жуық зерттеу жүргізілді.

Кездесуге қатысушылардың айтуынша, бүгінгі күні, зертханалық зерттеулер үшін мамандардың жұмысын оңтайландыруға мүмкіндік беретін жаңа әдістерді енгізу, оны одан әрі өнімді ету және жеделдету қажет.

Орталықта айтылғандай, жаңа әдістерді енгізу үшін қызметкерлер үнемі оқытылып, халықаралық деңгейде ғылыми конференцияларға жіберілу керек. Бұл үшін қызметкерлеріміз шетел тілдерін білуі керек.

Тыңдаудың нәтижелері бойынша, Қанат Балыкбаев санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық пен халықтың қауіпсіздігі саласындағы зертханалық зерттеулерді, сараптамалық және басқа да қызметтерді жандандыру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, ол орталықты одан әрі дамыту стратегиясымен бөлісті, онда ол ғылыми зерттеудің әлеуетін дамыту үшін халықаралық ынтымақтастықты кеңейтудің уақыты келді деп атап өтті.

«Біз азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша танымал шетелдік ұйымдармен бірлесіп жұмыс жүргізуді жоспарлап отырмыз. Антибиотикке төзімділікті зерттеу бойынша үйлестіру орталығын ұйымдастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Халықаралық деңгейде бұл тақырып өте маңызды. Бұл үйлестіру орталығы барлық республикалық зертханаларды антибиотиктерді анықтау тұрғысынан үйлестіретін болады», - деді Қанат Балыкбаев.

Іс-шара соңында Ұлттық сараптау орталығының Бас директоры «Ең үздік филиал - 2016» номинациясы бойынша жеңімпазға салтанатты түрде кубок берді. Нәтиже бойынша үздік филиал ретінде Алматы филиалының қызметі танылды. ҰСО басшысы айтып өткендей, бұл кубок ауыспалы болады.

«Бөлімнің ұжымы жыл бойына оң динамикасын көрсетті, өздерінің нәтижелерін жақсартты. Филиалдың қызметкерлеріне болашақта да жоғары деңгейді ұстап тұруларын, ал қалғандарына жемісті және тиімді жұмыс істеулерін тілеймін», - деп атап өтті Қанат Балыкбаев.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге