Loader icon жүктеу
Үлкен егеуқұйрық ұйқыдағы алматылықты тістеп алды
Огромная крыса укусила спящую алматинку 02.10.2017

Жанардың айтуы бойынша, егеуқұйрықтың оны тістеуі мүмкін деп күдіктенбеген. Әйел Алматыда ұзақ уақыт пәтер жалдап тұр, бірақ бұл мәселені алғаш бастан кешуде.

«Мен егеуқұйрықтар түнде дене мүшелерін кеміруі мүмкін екендігін білемін. Құдайға шүкір, сол күні мен әлі ұйықтамаған едім. Егеуқұйрық менің төсегіме шығып алыпты. Кенеттен мені бір нәрсе тістеп алғанын сезіндім, бұл егеуқұйрық болатын. Мен дереу жедел жәрдемге хабарластым. Олар маған екпе салып, ем тағайындады. Мен осы күнге дейін екпелерді алып жүрмін», - дейді әйел.

Қалада егеуқұйрықтардың тістеуінен зардап шеккен жағдайлардың саны көбейгендіктен, 2017 жылдың 25 қыркүйегінен бастап Алматы қаласының аумағында зооноздық  (адамдарға жануарлардан жұғатын инфекциялық аурулар – ред.) және аса қауіпті инфекциялардың тұрғындар арасында таралуына жол бермеу мақсатында жаппай дератизациялау (кеміргіштерді құрту) бойынша екінші күзгі турдың іс-шаралары басталды.

Өңдеу «Алматы қаласы бойынша дезинфекция орталығы» ШЖҚ РМК филиалының күштері мен құралдарымен жүзеге асырылатын болады.

Іс-шара ағымдағы жылдың 26 қазанына дейін жалғасады. Қаланың аумағын өңдеумен қамтамасыз ету үшін эпидемиолог дәрігерлердің жетекшілігімен 60 адамнан тұратын 8 мобильді дератизациялау тобы құрылды. Дератизациялау Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген түйіршікті қармақ жем (родентицид)  және «Бромадиалон»  препараттарын қолданумен жүзеге асырылады.

https://news.mail.ru/incident/31168442/?frommail=1

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге