Алиментариус кодексін өндірушілер үшін

ФАО/ДДҰ Еуропа бойынша Өңірлік үйлестіру комитетінің (CCEURO)32-ші сессиясы шеңберінде жалған тамақ өнімдерінің мәселесі бойынша ФАО/ДДҰ бағдарламадан тыс іс-шарасы
Внепрограммное мероприятие ФАО/ВОЗ по проблеме фальсификации пищевых продуктов в рамках 32-ой сессии Регионального координационного комитета ФАО/ВОЗ по Европе (CCEURO) 24.05.2022

2022 жылғы 19 мамырда ФАО/ДДҰ Еуропа бойынша Өңірлік үйлестіру комитетінің (CCEURO) өткізілген онлайн 32-ші сессиясы шеңберінде ФАО/ДДҰ жалған тамақ өнімдері проблемаларына арналған жоспардан тыс іс-шара өткізілді. Аталған іс-шара Қазақстан, Алматы қаласында CCEURO-ның 31-ші сессиясында секторлар мен елдер арасындағы іс-қимылды жандандыру және ынтымақтастықты кеңейту және Кодекстің осы мәселедегі маңызды рөлі туралы қол жеткізілген уағдаластықтардың қорытындысы бойынша өткізілді.

ФАО атынан Кармен Баллон (ФАО заң бөлімінің өкілі) ФАО мен Лос-Анджелестегі Калифорния штатының университетінің жалған тамақ өнімдеріне қарсы күресте реттеу стратегиясын әзірлеу жөніндегі бірлескен жұмысы туралы баяндама жасады. Пікірталас форумына Еуропалық комиссияның Денсаулық сақтау және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі Бас директоратының, Солтүстік Македонияның азық-түлік және ветеринария жөніндегі агенттігінің, Тамақ өнімдерінің сапасын бақылау жөніндегі Бас директоратының, Түркия Республикасының ауыл және орман шаруашылығы министрлігінің, Ұлыбританияның мемлекеттік химиялық зертханасының (LGC) өкілдері қатысты.

Барлық қатысушылар жалғандықты болжаудың, алдын алудың және бақылаудың маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті. Осы мақсаттар үшін халықаралық ынтымақтастық, деректермен алмасу, олқылықтарды анықтау және бұрмалауды, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдана отырып бақылау ерекше маңызға ие. Жалған тамақ өнімдеріне қарсы күресте фальсификацияға қарсы күреске бағытталған заңнаманы жетілдіруде келісілген тәсілді дамыту, жалған тамақ өнімдерін анықтау бойынша расталған әдістер мен стандарттарды қолдануға, сондай-ақ тұтынушылардың хабардарлығын арттыруға қажет.