Алиментариус кодексін өндірушілер үшін

Вебинар 12 наурыз, сағат 10.00-ден 11.30-ға дейін (Орталық Еуропа уақыты бойынша)
12.03.2021

COVID-19 пандемиясының Еуропа мен Орталық Азиядағы балық шаруашылығы мен аквамәдениетке әсері

Қазіргі уақытта балық және балық өнімдері халықаралық нарықта белсенді сатылатын азық-түлік тауарлардың бірі болып табылады. Сондықтан,  COVID-19-дың өндіріс аспектілері мен балық және балық өнімдерін  жеткізу тізбегіне әсері өзекті болып қала береді. Сондай-ақ, өндірістік-өткізу тізбегінің үзілуі сұранысқа кері әсер етеді.

COVID-19 пандемиясының салдары Еуропа және Орталық Азия елдеріне әртүрлі дәрежеде ықпал етті, бұл жергілікті және мемлкеттік деңгейде әрекет ету шараларына әсерін тигізді. Соған қоса, аталған елдерде пандемияның салаға әсері туралы ақпарат дұрыс тіркелмеген.

Вебинар аясында COVID-19 пандемиясымен туындаған дағдарысқа  мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық қоғам және балық аулау саласының әрекет ету тәжірибелерімен алмасу мүмкіндігі беріледі.

«Кодекс Алментариус» комиссиясының  нарыққа жәрдемдесуге тікелей мандаты жоқ, алайда мемлекеттер Ұлттық нормалары мен ережелерін Кодекс стандарттарына  сәйкестендіру бойынша мүмкіндігін қолдана алады.

ZOOM конференция платформасында виртуалды шараны бақылау үшін тіркеліңіз.

Іс-шара Youtube арнасында ағылшын тілінде көрсетіледі және орыс тіліне ілеспе аудармамен сүйемелденеді.