загрузка карты...
Науқастың ыңғайлы уақытына келіп, зертхананың мамандары тез, ауыртпай және қауіпсіз биоқұрылымдық материалды алады.
010000 Қазақстан, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі,18, 8 қабат.
хабарлама жіберу
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны халықтың санитарлық-эпидемиологиялық игілігін қамтамасыз ету саласында қызметін жүзеге асырады. ҰСО Қазақстан Республикасының аумағын тұтас қамтыған филиалдар желісі кең жүйе түрінде болады. Біздің орталық санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы тұрақты жетілдіруге, тексеру жүргізу мерзімін қысқартуға, қоғамдық денсаулық сақтау қажеттіліктері үшін дәл және тиімді нәтижелерді қамтамасыз етуге, сонымен қатар, індетке қарсы және профилактикалық шараларды уақытылы өткізуге бағытталған. Орталық халықтың өмір сүру қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуге тырысады. Орталық өз қызметкерлерінің кәсібилігін арттыруға, қажетті еңбек шартын қамтамасыз етуге тырысады.